«Turkistan Invest» туралы

«Turkistan Invest» туралы ақпарат:    

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Касіпкерлік кодексінің 246-бабының 10-тармағында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жане өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Зандарына Түркістан облысының әкімлігінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы №8 «TURKISTAN INVEST» инвестиция тарту және экспортты дамыту аймақтық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталының қатысу үлесін облыстық коммуналдық меншік құрамына қабылдау туралы» қаулысына сәйкес, Түркістан облысының  әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «TURKISTAN INVEST» инвестиция тарту және экспортты дамыту аймақтық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инвестициялар тарту саласында өңірлік ұйым болып айқындалсын.
  2. Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 тамызындағы №187 «Инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымды айқындау туралы» қаулысы жойылсын.

3 «Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен  осы каулыда туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.