Түркістан өңіріне инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қолдауымен «Turkistan Invest» ЖШС ұйымдастыруымен Түркістан қаласы және Ордабасы және Сайрам аудандарынан бір топ кәсіпкерден құралған Түркістан облысының делегациясы Түркия мемлекетіне іссапармен барды.
Іссапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу.Іссапар Стамбул қаласындағы кәсіпорындарды аралаудан басталды.Онда ғимараттар мен жолдарға арналған бояуларды өндіретін кәсіпорнымен жұмыс жүргізу мақсатында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы меморандумға қол қойды.
Алғашқы күндері Түркия мемлекеті Стамбул, Коджаелә қаласының бизнес өкілдерімен арнайы кәсіпорындарында іскерлік кездесулер өтті.Делегация Қожаелі қаласында ораласқан кондитер, желатин өнімдерін шығаратын кәсіпорорнын және трансформатор құрылғыларын өндіретін фабрикалаларды аралап көрді. Аталған компаниялармен бірлесіп жұмыс жасау мақсатында Ордабасы ауданының әкімімен меморандумға қол қойылды.Мекеме басшылары алдағы уақытта Түркістан қаласына іс сапармен келуге ниетті екенін айтты.
Одан бөлек, «Түркі мемлекеттер Одағы» бас хатшысының орынбасары Мерей Мукажан мырзамен қабылдауында болды.Бүгінде әлемдік деңгейдегі өндіріс орындарын аралап, 2 үлкен тұрмыстық-санитарлық өнімдерді шығаратын зауытпен және кілем фабрикасымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, келесі жылдың наурыз айына Қазақ-Түрік инвестициялық бизнес форумын ұйымдастыру талқыланды.Сонымен қатар, делегация Гебзе қаласында жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруда алдыңғы орындағы зауыттардың жұмысымен танысып, қоймаларында болды. Олардың қатарында жұмысын толық жасанды интеллект арқылы жүйелендірген зауыт жүйесін көрді. Түркияның электронды ең көп қолданыстағы, танымал платформасымен танысты.Кездесулердің нәтижесінде нақты келісімдерге қол жеткізілген жобалар келер жылдан бастап іске асырыла бастайды. Ал бұл сапар Түркістан мен Түркия арасындағы экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтеріп, өңірдің дамуына серпін беретін бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға негіз болмақ.