Қазақстан халқының саны 20 млн. адамнан асады. Қазақстан – 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын көпұлтты зайырлы мемлекет.
Қоғамның этникалық құрылымы мынадай:
- қазақстар — 70,4%
- орыстар — 15,5%
- өзбектер — 3,2%
- украиндықтар — 2%
- ұйғырлар — 1,5%
- немістер — 1,2%
- татарлар — 1,1%
- өзгелер ұлт өкілдері — 5,1%.
Қазақстан – Дүниежүзілік мұхитқа тікелей шығатын жолы жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет. Территорияның басым бөлігін шөлдер – 44% мен жартылай шөлдер – 14% құрайды. Қазақстан аумағының 26%-ы дала мен 5%-ы ормандардан тұрады. Елде 8,5 мың өзендер бар. Қазақстанда 48 мың ірі және ұсақ көлдер бар. Олардың ішінде ең ірілері – Балхаш, Зайсан және Алакөл. Мұхиттан қашық орналасуы елдің шұғыл құрлықтық климатын құрайды.
Қазақстан бірегей минералды-шикізаттық қорға ие. Жалпы саны 5 мыңнан асатын Қазақстан кен орындарының болжамды құны ондаған триллион долларға бағаланады. Қазақстан әлемде мырыш, вольфрам және барит қорлары бойынша бірінші орында, екінші орында – күміс, қорғасын және хромит, үшінші орында – мыс пен флюорит, төртінші орында – молибден, алтыншы орында – алтын.
Сондай-ақ, Қазақстанда айтарлықтай мұнай-газ қорлары бар және елдің батыс өңірлерінде шоғырланған мұнай қорлары бойынша әлемде 9-шы орынға ие.
Бұдан басқа, республика көмір қоры бойынша 8-ші және уран қоры бойынша 2-ші орында.
Қазақстан бидай экспорттау бойынша жетекші әлем елдерінің ондығына кіреді.
Барлау, отын-энергетика, металлургия және химия өнеркәсібі өнімдері, сондай-ақ, бидай индустриясы басты экспорт тауарлары болып табылады. Республиканың басты сауда әріптестері – Ресей және ТМД басқа елдері, Қытай, Еуропа елдері.
Павлодар мұнай-химия зауыты
Қазақстанда зымыран ұшыруға арналған әлемдегі бірінші және зор кешен – Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан. Айлақ Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан, территориясы 6717 кв.м өлшемді құрайды.Байқоңыр ғарыш айлағы 1957 жылы бірінші құрылыс жұмыстары мен Р-7 зымыранының бірінші ұшырылуы болған соң ашылды. 30 жыл бойы ғарыш айлағы кеңейе түсті: жаңа үлгідегі зымырандардың ұшу алаңдары, жинақтау цехтары, отын толтыру станциялары, зымырандарды басқару және бақылау кешендері және басқа инфрақұрылым салынды. «Гагариндік старт» деп аталатын №1 ұшу алаңы Байқоңыр ғарыш айлағының басты нысаны болып табылады.