Іссапардың алғашқы күні Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Кушеров бастаған делегация Пекинде өткен «Болашақ үшін әлемді біріктіру» атты CISCE халықаралық көрмесіне қатысты.
Бұл бизнес шараға ғылым және технология салаларының жетекші өкілдері қатысып, жеткізу тізбегінің алты негізгі бағыты бойынша жетістіктерін көрсетті: озық өндіріс, экологиялық таза энергия, ақылды көліктер, цифрлық технологиялар, салауатты өмір салты және жасыл ауыл шаруашылығы, сондай-ақ жеткізу тізбегі қызметтері.Көрмеде тұрақты даму мен жаһандық жеткізу тізбегін жетілдіруге бағытталған ең заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдер ұсынылды.
Көрмеге қатысу барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары халықаралық компаниялар өкілдерімен кездесіп, экологиялық таза технологиялар, ақылды көлік шешімдері және жасыл ауыл шаруашылығын дамыту салаларында ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.