You are currently viewing ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ  МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДА ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДА ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Түркістан облыс мен Корея Республикасының арасындағы іскерлік және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту аясында бизнес-форум ұйымдастырылды.  Korea International Trade Association қатысуымен өткен шараға  Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нуралхан Кушеров бастаған делегация өкілдері және кореялық  50-ден астам кәсіпкер мен іскерлік және дипломатиялық орта өкілдері, оның ішінде KITA басқарма төрағасы мырза Юн Джин Сик, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Н. Арыстанов және Қазақстан мен Кореяның түрлі экономика салаларының делегациялары қатысты.

Форумның мақсаты – екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы, энергетика, инновациялар мен технологиялар сияқты экономика салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылау және қазақстандық және корей компаниялары арасында жаңа іскерлік байланыстар орнату болды.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н. Кушеров өзінің сөзінде екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Түркістан облысының инвестициялар мен бизнестің негізгі аймағы ретінде зор әлеуетін көрсетті. Ол Түркістан облысы инвесторлар мен кәсіпкерлерге ұсынатын қолайлы жағдайлар туралы және ауыл шаруашылығы, туризм және өнеркәсіп салаларындағы қолданыстағы жобалар туралы егжей-тегжейлі айтты.

«Біз ауыл шаруашылығы, цифрландыру, өңдеу өнеркәсібі және туризм сияқты салаларда Корея Республикасымен ынтымақтастықты тереңдетуге үлкен мүмкіндіктер көріп отырмыз. Біз инвесторларға ашықпыз және өңір экономикасын дамытуға және екіжақты байланыстарды нығайтуға септігін тигізетін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз», – деп атап өтті Н. Кушеров.Форум аясында G2B және B2B кездесулері де өтіп, нақты жобалар мен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.Шара Түркістан облысы мен Корея Республикасының экономикалық және сауда байланыстарын нығайтуда маңызды қадам болды, өзара пайдалы ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Пікір үстеу