Түркістан қаласында «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» Халықаралық форумы әрі қарай панельдік отырыстарға жалғасты. Соның бірі – «Өңдеу және өнеркәсіп саласындағы Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығы» отырысы.
Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары – Нұралхан Көшеров пен Нұрбол Тұрашбеков, сонымен қатар екі елдің танымал бизнес көшбасшылары мен сарапшылары, инвестициялық компаниялардың басшылары мен қаржы және халықаралық ұйымдардың өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер қатысты. Кездесуді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков жүргізіп отырды.
Мұнда Қазақстан мен Қытай елдерінің инвестициялық ынтымақтастығының маңызды аспектілері мен мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Экономикалық өсім мен дамуына септігін тигізетін бірлескен жобалар ортаға салынды. Түркістан облысы тарапынан инвесторларға қай салаға инвестиция жасау тиімді болатыны, сонымен қатар осы бағыттағы ұсынылатын жеңілдіктер, қаржыландыру бағдарламалары түсіндірілді. «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында баяндама жасалып, өңірдің осы саладағы жетістіктері таныстырылды. Спикерлер аталған талқылауға өзінің құнды идеялары мен үлестерін қосты.