You are currently viewing ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИНДУСТРИЯЛЫҚ  ДАМУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Е. Тоғжанов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Н. Көшеровпен бірге өңірдегі іске қосылған және құрылысы жүріп жатқан өндіріс орындарын аралады.

Сапар барысында өңірде Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асып жатқан жүйелі реформалар мен ірі инвестициялық жобалар таныстырылды.

Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша елдегі көшбасшы өңірлердің қатарында. Өнеркәсіп өндірісі өсіп, экспортқа бағытталған жобалар белсенді дамуда.

Негізгі жоба  – «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» (инвестор: UBC BG LLC, Болгария):

– Өндіріс: тоңазытқыш сауда жабдықтары

– Нарық: Қазақстан және Орталық Азия

Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады:

I кезең: 5 млн еуро инвестиция, өндірістік қуат айына 4 000 данаға дейін, 350 жұмыс орны ашылады. Мемлекет тарапынан 10 мың шаршы метр дайын өндірістік ғимарат ұсынылған.

II кезең: «TURAN» АЭА-да жаңа зауыт салу көзделуде. Инвестиция көлемі 15 млн еуроға дейін өсіп, өндірістік қуаттылық айына 10 000 данаға дейін ұлғаяды, 1 000-ға дейін жаңа жұмыс орны ашылады.

Қазіргі таңда жоспар бойынша жабдықтарды жеткізу жұмыстары жүргізіліп, Түркістан және Кентау қалаларында кадрларды іріктеу және оқыту қолға алынған.

Айта кетейік, Түркістан облысында инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында «Өндірістік парктердің құрылысы» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 100 гектар аумақта ірі өндірістік парк құрылып, 152 өндірістік ғимарат салу жоспарланған.

Бүгінде дайын алаңдарға кәсіпкерлер тарапынан жоғары сұраныс байқалуда.

Пікір үстеу