You are currently viewing ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 78 МЛН АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕГІ ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 78 МЛН АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕГІ ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛУДА

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау қаласында өткен «Қазақстан – Өзбекстан: бірлескен жобалар және өсудің жаңа мүмкіндіктері» бизнес-диалогы аясында Түркістан облысы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту бағытында маңызды нәтижелерге қол жеткізді.

Форум барысында Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасының бизнес қауымдастығы жалпы құны 78 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық меморандумдарға қол қойды. Бұл келісімдер өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға, экспорт көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Қол жеткізілген келісімдер шеңберінде:

47 млн АҚШ доллары көлемінде металл өңдеу зауыты салынып, профлист, металл құбырлары, сэндвич-панельдер және LSTK конструкциялары өндірілетін болады;

2 млн АҚШ доллары инвестиция есебінен күнбағыс майын өндіретін зауыт іске қосылады;

5 млн АҚШ доллары көлеміндегі жоба аясында жүгеріні терең өңдеу өнімдерін экспорттау жолға қойылады;

12 млн АҚШ доллары көлемінде ет өңдеу өнімдерінің экспорттық әлеуеті кеңейтіледі;

12 млн АҚШ доллары инвестицияға заманауи тұқы (карп) өсіру балық шаруашылығы кешені құрылады деп жоспарланған.

Форум аясында сауда-экономикалық ынтымақтастық, экспорттық кооперация, көлік-логистика, су қауіпсіздігі және экологиялық әріптестік мәселелері талқыланып, мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық ұйымдар арасында тәжірибе алмасу өтті.

Айта кетейік, Өзбекстан Республикасы Түркістан облысының стратегиялық сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып. Жаңа инвестициялық келісімдер өңір экономикасының тұрақты дамуына, өндіріс көлемінің артуына, экспорттық әлеуеттің нығаюына және өнеркәсіптік кооперацияның жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.

Түркістан облысының делегациясы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Өңірлер басшылары кеңесінің бірінші отырысына қатысып, екіжақты инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.