БИЗНЕС АШУ

Қазақстан Республикасының «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» заңымен және Қазақстан Республикасы Ұлттың Банкінің нормативтік актілерімен бекітілген талаптарға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеген жағдайда, банктік есепшот пен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғамен еңбек қатынастарын орнатпай орындаған жағдайды қоспағанда) өтініші электронды түрде беріледі Заңды тұлғаны тіркеген кезде, жұмысшылардың орташажылдық саны мен кәсіпкерлік субъектісінің орташажылдық табысын қарастыру қажет. Жұмысшылардың орташажылдық саны мен орташажылдық табысқа байланысты кәсіпкерлік субъектілері келесі санаттарға бөлінеді: микро кәсіпкерлік субъектілерін қоса алғанда, шағын кәсіпкерлік субъектілері, орта кәсіпкерлік субъектілері, ірі кәсіпкерлік субъектілері. Тіркеу алымының ставкасы Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу (Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған қайта құру жағдайларын қоса алғанда), есептік тіркеу (қайта тіркеу), олардың бөлімшелері мен өкілеттіктерін есептік тіркеуден алу кезінде тіркеу ставкасы – 6,5 АЕК. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу немесе заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылған жағдайда нөлдік ставка қолданылады. АЕК — 2024 жылғы 3 692 теңге