You are currently viewing ОРДАБАСЫДА ҚАҒАЗ ҚАЛДЫҚТАРЫН ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

ОРДАБАСЫДА ҚАҒАЗ ҚАЛДЫҚТАРЫН ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысының Ордабасы ауданында макулатура мен картон қалдықтарын қайта өңдейтін «QAGAZPROM» ЖШС зауытының іргетасы қаланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысқан рәсімде өңірдің өндірістік әлеуетін арттыратын жаңа жобаның маңызы атап өтілді.

Жобаның негізгі көрсеткіштері:

  • Инвестиция көлемі: 1 млрд теңге.
  • Аумағы: 5 гектар.
  • Өндіріс қуаты: Жылына 5 875 тонна (тәулігіне 190 мың дана жұмыртқа лотогы, стақан ұстағыш және аяқ киім картоны).
  • Жұмыс орындары: 20 жаңа жұмыс орны ашылады.
  • Нарық: Өнімнің 70%-ы ішкі нарыққа, 30%-ы экспортқа бағытталады.

Бұл зауыт қалдықтарды тиімді пайдалану арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, импортты алмастыратын сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда нысанда қазаншұңқыр дайындалып, іргетас қалау жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін сэндвич-панельдерден зауыт ғимаратын тұрғызу және Қытайдан қажетті құрал-жабдықтарды жеткізу жоспарланған.

Түркістан облысы әкімдігі өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа өндіріс орындарын ашуды жүйелі түрде жалғастыруда.