You are currently viewing ТҮРКІСТАНДА КАБЕЛЬ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ТҮСТІ МЕТАЛДАРДЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ІРІ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА КАБЕЛЬ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ТҮСТІ МЕТАЛДАРДЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ІРІ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Жуырда ғана «Turkistan Invest» өңірлік инвестицияларды тарту және экспортты дамыту агенттігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының делегациясы ҚХР-ға жұмыс сапарымен барып, бірқатар ірі компаниялармен кездесулер өткізген еді. Іссапарда басталған келіссөздердің жалғасы ретінде Қытайдың жетекші өндірістік компанияларының бірі Henan Sulipu Cable Co., Ltd. компаниясының өкілдері Түркістанға арнайы келіп, облыс әкімі Н. Көшеровпен жаңа инвестициялық жоба жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Жоба бойынша өңірде кабель өнімдерін өндіретін және түсті металдарды өңдейтін заманауи өндіріс орындарын салу жоспарланған.

Ол екі кезеңде іске асырылады:

  • алғашқы кезеңде кабель және түсті металл өнімдерін шығаратын зауыт бой көтереді;
  • екінші кезеңде қорғасын-мырыш оксидін өндіретін жоғары технологиялық өндіріс кешені салынады.

Жалпы инвестиция көлемі 8,5 млрд теңгені құрайды. Аталған бастама Түркістан облысының өндірістік әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және экспортқа бағытталған өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жобаны жүзеге асыру Қазақстан мен Қытай арасындағы өндірістік кооперацияны нығайтып, өңір экономикасының тұрақты дамуына қосымша серпін береді. Сонымен қатар, инвесторларға Қазақстан нарығымен қатар Орталық Азия, Қытай, Ресей және Еуропа бағыттарына шығу мүмкіндігін ұсынады.

Түркістан облысы инвесторларға қолайлы жағдай жасап, өндірістік жобалардың табысты жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.