«Turkistan Invest» ЖШС қызметкерлері «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ базасында тағылымдамадан өтті. Іс-шара екі тарап арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты – Түркістан облысының экспорттық әлеуетін арттыру және өңір кәсіпкерлерін сыртқы нарыққа шығарудың тиімді тетіктерін жетілдіру.

Тағылымдама барысында агенттік өкілдері сауда миссияларын ұйымдастыру, экспортқа байланысты шығындарды өтеу және қазақстандық компанияларды шетел нарығына шығаруға бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасы бойынша білімерін жетілдірді.
Кездесу аясында тараптар Түркістан облысы кәсіпкерлерінің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту, саладағы өзекті мәселелерді шешу және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау бағыттарын талқылады.
Келіссөз қорытындысы бойынша «QazTrade» тарапынан Түркістан облысының экспорттық әлеуетін ілгерілетуге арналған стратегиялық жоспар әзірленіп, «Turkistan Invest» агенттігіне ұсынылатын болды. Бұл бастама өңір кәсіпкерлерінің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экспорт көлемін ұлғайтуға серпін береді.