Бәйдібек ауданында «AMANAT AGRO BAIDYBEK» АӨК мақта өңдеу мен тамшылатып суару жүйелерін өндіретін зауытын салу жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны – 2,4 млрд теңге, ал жоспарланған өндірістік қуаттылығы – жылына 50 мың тонна мақта талшығы.
Жобаның іске асырылуы 63 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, бір ауысымда 21 адам жұмыс істейтін болады.
Ағымдағы жағдайына келсек, мақта егу үшін 1 500 гектар жер бөлініп, оның 700 гектаранда егу жұмыстары жүргізілген. Ал, мақта өңдеу зауытын салуға 20 гектар жер телімі қарастырылған. Зауыт аумағы қоршалып, шикізат базасының құрылысы 60% аяқталған.
Сонымен қатар, қосалқы станция құрылысына 0,16 гектар жер бөлінген: қосылу нүктесі «Тасқұдық» қосалқы станциясынан 4,4 км қашықтықта орналасқан.
Қорыта айтқанда, «AMANAT AGRO BAIDYBEK» АӨК өндірістің жаңа деңгейіне көтеріліп, ауыл шаруашылығы саласында жоғары технологиялық және тұрақты даму бағытында жұмыс жүргізуде.