You are currently viewing ТҮРКІСТАН | ОРДАБАСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАУЫТТАР

ТҮРКІСТАН | ОРДАБАСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАУЫТТАР

Түркістан облысының әкімі Н. Көшеровтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабта Ордабасы ауданындағы ірі жобалар таныстырылды. Аудан әкімі А. Оралбаев инвестиция тарту және өндірісті дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады.

Атап айтсақ, өткен жылы жалпы құны 11,5 млрд теңге болатын 5 инвестициялық жоба іске асырылып, нәтижесінде 364 жаңа жұмыс орны ашылған. (қыш зауыты, алюминий профильдері мен инновациялық темірбетон өнімдерін өндіретін зауыттар ашылды)

Соңғы 4 жылда аудан экономикасына 173,8 млрд теңге инвестиция тартылған, оның ішінде 59,6 млрд теңгесі – 2025 жылы игерілген.

2026 жылға жоспар:

Жалпы құны 55 млрд теңгені құрайтын 57 жоба іске асырылып, 1163 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Жобалар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, шағын бизнес және туризм салаларын қамтиды.

Сондай-ақ, аудан аумағындағы «Бадам» индустриялық аймағы мен «Темірлан» өндірістік паркін дамыту, инфрақұрылыммен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып жатқаны жеткізілді.

Айта кетейік, Қытай ХР-мен бірлескен жобалар аясында өндіріс, агроөнеркәсіп және инновациялық бағыттағы бастамалар қолға алынған.

Облыс әкімі Н. Көшеров өз кезегінде жобаларды уақытылы әрі сапалы іске асыруды және жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды.

Пікір үстеу