You are currently viewing ӨНЕРКӘСІП ПЕН ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУ НҮКТЕСІ

ӨНЕРКӘСІП ПЕН ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУ НҮКТЕСІ

Түркістан облысында өнеркәсіп өндірісі мен инвестиция тарту көрсеткіштері тұрақты өсімді көрсетіп отыр. 2026 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша өңірде 873,3 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 132,4 пайызға жетті.

Өңдеу өнеркәсібінде 423,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, саладағы өсім 150,8 пайызды құрады. Ал тау-кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі 378,9 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 119 пайыз болды.

Өңдеу секторында металлургия, азық-түлік өндірісі, машина жасау және тоқыма өнеркәсібі негізгі өсімді қамтамасыз етті. Оның ішінде тоқыма өндірісі ерекше серпін көрсетіп, өндіріс көлемі 468,6 пайызға артты.

Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 894,6 млрд теңгені құрады. Оның 834,1 млрд теңгесі немесе 92,6 пайызы жеке инвестициялар есебінен қамтамасыз етілді.

Биыл Түркістан облысында жалпы құны 369,4 млрд теңгені құрайтын 67 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде оның 17-сі іске қосылып, нәтижесінде 456 жаңа жұмыс орны ашылды.

Өнеркәсіп өндірісінің қарқынды дамуы мен инвестиция көлемінің артуы Түркістан облысының өндіріс пен кәсіпкерлік үшін тартымды өңір ретіндегі әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді.