You are currently viewing ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ӨНДІРІС: ТҮРКІСТАН ТӘЖІРИБЕСІ ЕЛІМІЗДІҢ БАСҚА ӨҢІРЛЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛМАҚ

ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ӨНДІРІС: ТҮРКІСТАН ТӘЖІРИБЕСІ ЕЛІМІЗДІҢ БАСҚА ӨҢІРЛЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛМАҚ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қ. Бозымбаев тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан шағын өндірістік парктерді құру тәжірибесін республиканың өзге өңірлерінде енгізу жоспарлануда.

Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру мақсатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі О. Сапарбеков Түркістан облысында жұмыс сапарымен болды.

Сапар аясында Сауран ауданында орналасқан «SAURAN» өндірістік паркі таныстырылды. Өндірістік алаңда суғару технологияларын өндіретін «BNK Group», жиһаз өнімдерін шығаратын «Aqniet Holding», сондай-ақ, өндірістік тоңазытқыштар өндіретін «UBC Group» кәсіпорындары мен бірқатар инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы көрсетілді.

Вице-министр өңірде жүзеге асырылып жатқан өндірістік парктердің тиімділігін жоғары бағалап, олардың шағын және орта бизнесті дамытуға, өңірдің инвестициялық ахуалын жақсартуға оң ықпал ететінін атап өтті.