2025 жылғы 3-4 сәуір аралығында TURKISTAN INVEST командасы әлеуетті инвестор — «Avatar Agricultural Technology Development» компаниясының директоры Чэнь Цзюньфэнмен іскерлік сапар ұйымдастырды. Астана қаласына сапар барысында өнеркәсіп және құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК АҚ өкілдерімен маңызды кездесулер өтті.
Талқылаудың негізгі тақырыптарына лицензия алу және ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды сәтті дамыту үшін өтініш беру процесі кірді.