You are currently viewing ОБЛЫС БАСШЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ОБЛЫС БАСШЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров SP ООО «ZHONGTIAN CHEMICAL» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Қазығұрт ауданында жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Компания өкілдері өңірде іске асыру жоспарланып отырған жобаның негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелерін таныстырды. Сондай-ақ, өндіріс орнын орналастыру, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер телімін анықтау және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі Түркістан өңірінде инвестиция тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтіп, өндіріс орындарын ашу мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Кездесу қорытындысында инвесторларға өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылып, жобаны жүзеге асырудың нақты тетіктері мен алдағы жоспарлары талқыланды. Жоба жан-жақты зерделеніп, оның тиімділігі мен жүзеге асыру мүмкіндіктері пысықталатын болды.