Түркістан облысында ірі өндірістік жобалар қарқынды іске асуда. Облыс әкімі Н. Көшеровтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында 2026 жылға жоспарланған жаңа жобалар таныстырылды.

Арнайы экономикалық аймақтарда аталған бағыттардағы зауыт ашу жоспарланған:
- ауыл шаруашылығы техникасын өндіру,
- карбамид тыңайтқыштары мен мақта майын шығару,
- ПВХ және тамшылатып суару жүйелерін өндіру,
- биомассаны терең өңдеу,
- трансформатор компоненттерін жасау
Сауран ауданындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында:
- «BOSHIRAN XINJIANG» компаниясының ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру және шығару жобасы
- «Lihua Group» ЖШС-нің карбамид тыңайтқыштары мен мақта майын өндіру зауыттары
- «BAKS Innovations Inc. — CAESG Platform» компаниясының биомассаны терең өңдеу және көміртегін байланыстыру инновациялық кешені таныстырылды.
2025-жылдың нәтижесі бойынша:
- Өңірге 1,7 трлн теңге инвестиция тартылды
- Жалпы құны 340 млрд теңгені құрайтын 58 жоба іске қосылды
- 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
- Экономикалық өсім – 125,2% (республика бойынша І орын)
2026-2029 жылдарға жалпы құны 2,7 трлн теңгелік 122 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылған.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі инвесторларға өңірге деген сенімі мен белсенді жұмыстары үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар барлық жобаның іске асырылу барысы тұрақты бақылауда болатынын айтып, жауапты мекемелерге инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.
Түркістан облысы – өндіріс, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер орталығына айналып келеді.