You are currently viewing Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік: Термезде Қазақстан павильонының ашылуы!

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік: Термезде Қазақстан павильонының ашылуы!

2025 жылдың 14 наурызында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратовтың екіжақты кездесуі өтті. Кездесу барысында шекара маңындағы ынтымақтастықты нығайту, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету және екі елдің бизнесін қолдаудың жаңа тәсілдерін талқылау мәселелері сөз болды.

Негізгі жаңалық: Термез халықаралық сауда орталығында Қазақстан павильонының ашылуы! 🇰🇿

Павильонда Түркістан облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды. Олардың қатарында:

«Рауан» ЖШС – минералды және энергетикалық сусындар

«Наурызбай» ШҚ – күріш өнімдері

«УРУНБЕКОВ .М .Б» ЖК – өсімдік майы

«CAPABLE GROUP» мүгедектер қоғамы» ЖШҚ – ересектер мен балаларға арналған жөргектер

Бұл павильон Қазақстан мен Өзбекстанның сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы байланысты дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Алдағы уақытта екі елдің ынтымақтастығы мен бизнес байланыстарының жаңа кезеңі ашылмақ!

Пікір үстеу