Түркістан облысында машина жасау өнеркәсібін дамыту қолға алынды. Отандық шағын габаритті арнайы техника мен коммуналдық қондырма жабдықтарын шығаратын өндіріс орны өңірдегі шағын өндірістік паркте орналасқан.
Елімізде алғаш болып жаңбырлатып суару машиналары «BNK GROUP LTD» ЖШС кәсіпорнында шығарыла бастады. Жылына 1 мың арнайы техника шығару көзделген. Жоба биыл жүзеге асады деп жоспарланған.
Бүгінде Түркістанда жасалған өнімге сұраныс артқан. Кәсіпорын америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, «BNK Irrigation» сауда белгісімен айналмалы және фронтальды жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосқан. Президент тапсырмасына сәйкес, бұл 2030 жылға дейін облыста 216,3 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясын енгізуге мүмкіндік береді.