You are currently viewing ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТҮРКИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТҮРКИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Іссапар аясында Стамбул және Коджаели қалаларындағы жаңа өндірістік технологиялармен, шағын және орта бизнеске арналған жабдықтармен танысу көзделген болатын.Алғашқы күндері 25-26 қараша аралығында Түркия мемлекеті Стамбул, Коджаели қаласының бизнес өкілдерімен арнайы кәсіпорындарында  іскерлік кездесулер өтеді.

Түркиялық компания директорымен меморандумға қол қою (бояуға және гидрооқшаулауға арналған жалпы өнімдер бояулар: интерьер, сыртқы жұмыстар, грунтовка және шпаклевка үшін акрил, битум, цемент негізіндегі гидрооқшаулағыш өнімдерді өзімізде шығаруға келісімге келді.

Кондитер, шоколад және желатин өнімдерін өндіретін компания басшылығымен кездесулер өткізілуде.Сондай-ақ  трансформатор зауытына қажетті қондырғы жабдықтар шығару компаниясы өкілдігімен келіссөздер жүргізілді.

Түркістандық делегацияның іссапары Түркия Республикасында ірі өндірістік кәсіпорындарын аралаумен жалғасады. Келіссөздер жүргізіліп, келісімдер жасалады.

Пікір үстеу