Сеулде өткен форумға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров бастаған делегация өкілдері қатысты.
Форумның негізгі мақсаты өңірлік ынтымақтастықты дамыту, дипломатия шеңберінде жергілікті билік деңгейінде өзара іс-қимыл және проблемаларды шешу жолдарын ұсыну.
Корея Республикасы губернаторларының қауымдастығы ұйымдастырған форумда Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы өзара іс-қимыл, энергетикалық ынтымақтастық, цифрлық трансформация және инвестициялық күн тәртібі мәселелері сияқты салаларды қамтитын серіктестіктің негізгі бағыттары қарастырылды.