You are currently viewing ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ФРАНЦИЯ КОМПАНИЯЛАРЫН ӨҢІРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ШАҚЫРДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ФРАНЦИЯ КОМПАНИЯЛАРЫН ӨҢІРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ШАҚЫРДЫ

🔹Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Кездесу барысында әріптестікті нығайту, инвестиция тарту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытында келіссөз жүргізілді. Өңір басшысы Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті туралы баяндады. Франциялық танымал компаниялар мен брендтерді Түркістанда жұмыс істеуге шақырды.

🔹Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиоге мен елшілік өкілдері әріптестікті жан-жақты дамытуға мүдделі екендерін, Түркістан өңірінің әлеуетін франциялық компанияларға таныстыратындарын жеткізді. Жобаларды терең талдап, мәлімет алмасуды ұсынды. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы, туризм, білім, өндіріс, сауда салалары бойынша байланысты нығайтып, жобаларды қарастыру жөнінде уағдаласты.

Leave a Reply