
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17 қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми іс-сапары аясында баламалы энергетика саласындағы «Masdar» компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесуі өткізіліп, кездесу барысында энергетика саласындағы бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланған болатын.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, KIDF қоры және «Masdar» компанияcы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, Түркістан және Жамбыл облыстарында қуаттылығы 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
2023 жылдың 21-22 ақпанда «Masdar» компаниясы және KIDF қоры өкілдерінің Түркістан облысының аумағында жел электр станциясын салу инвестициялық жобаны іске асыру бойынша Бәйдібек және Созақ аудандарына іс-сапары болды. Іс-сапар барысында компания өкілдеріне ықтимал жер учаскелері көрсетілді. Алдағы уақытта жұмыстар жүргізілетін болады.