You are currently viewing ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕР: ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕР: ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Түркістан облысында шағын өндірістік парктердің дамуы қарқын алып, өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа жобалар жүзеге асырылуда.

Бүгінде облыста 29 шағын өндірістік парк құрылып, онда 275 өндірістік ғимараттың құрылысы басталған. Оның ішінде 165 нысанның құрылысы толық аяқталды.

Өндірістік парктер базасында жалпы құны 226,9 млрд теңгені құрайтын 269 жоба қалыптастырылған. Қазіргі таңда 114 жоба іске қосылып, нақты өндірістік қуаттар жұмыс істеп тұр.

Жобалардың басым бағыттары:

  • құрылыс материалдарын өндіру;
  • жиһаз өндірісі;
  • жеңіл өнеркәсіп;
  • өңдеу және басқа да өндірістік бағыттар.

Шағын өндірістік парктер кәсіпкерлер мен инвесторларға өндірістік инфрақұрылымы дайын немесе қалыптасып жатқан алаңдарға қол жеткізуге, жобаларды іске қосу мерзімін қысқартуға және өндірісті кезең-кезеңімен кеңейтуге мүмкіндік береді.

Өңірде өндірістік парктерге жаңа жобаларды тарту, дайын өнімді өткізу нарықтарын кеңейту және кәсіпкерлік бастамаларды қаржылай қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Түркістан облысы – жаңа өндірістерді іске қосу, инвестиция тарту және бизнесті кеңейту үшін перспективалы өңір.