You are currently viewing ТҮРКІСТАННЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІ ЗАМАНАУИ ЛАМИНАТ ЗАУЫТЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІ ЗАМАНАУИ ЛАМИНАТ ЗАУЫТЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Түркістан облысындағы TURAN арнайы экономикалық аймағында «Qaz Natural Laminat» ЖШС-нің заманауи ламинат өндіретін зауыты пайдалануға берілді.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 5 млрд теңге. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 840 мың шаршы метр ламинат шығаруға мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңде 65 тұрақты жұмыс орны құрылып отыр. Ал, өндірістің екінші кезеңі іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш 150 адамға дейін артады деп жоспарланған.

Зауыттың ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Н. Көшеров қатысып, Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмалары аясында өңірде өндірістік жобаларды іске асыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын атап өтті.

Жаңа өндіріс отандық құрылыс материалдары нарығын сапалы өніммен қамтамасыз етуге, импорт үлесін азайтуға және ішкі сұранысты өтеуге бағытталған. Алдағы уақытта кәсіпорын өнімдерін Орталық Азия елдері мен басқа да сыртқы нарықтарға экспорттау жоспарланып отыр.

«Qaz Natural Laminat» ЖШС-нің директоры Луо Ионг жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Түркістан облысының әкімдігіне және серіктестерге алғыс білдірді. Оның айтуынша, кәсіпорында халықаралық стандарттарға сай заманауи технологиялар қолданылып, алдағы кезеңде өндіріс көлемі мен экспорт географиясын кеңейту жоспарланған.

Қорыта айтқанда, бұл жоба өңірдегі өндірісті дамытуға, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

«Turkistan Invest» өңірге инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бағытындағы жұмыстарын бұүдан әрі де жүйелі түрде жалғастырады.