Кентау қаласында жаңа өндіріс орны – өнеркәсіпке арналған технологиялық тораптар шығаратын зауыттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жобаны жүзеге асырушы – «Айдар Строй Групп» ЖШС.
Инвестиция көлемі 2,25 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты – 100 дана технологиялық торап. Жоба аясында 80 жаңа жұмыс орны ашылады. Іске асыру кезеңі 2023-2026 жылдарға жоспарланған.
Құрылыс Кентау индустриалды аймағы аумағында жүргізілуде. Бүгінде металл конструкциялары орнатылып, шатыр жабу жұмыстары аяқталған. Өндірістік құрал-жабдықтарды жеткізу бойынша келісімшарттар толық жасалған.
Аталған жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, отандық өндірістің дамуына оң әсерін тигізеді.