«ERNUR» корпорациясы 7,6 млрд теңге көлеміндегі инвестициямен жылына 200 миллион дана жұмыртқа өндіретін құс фабрикасы мен заманауи құрамажем зауытын салуда.
Жоба 2023-2026 жылдар аралығында 3 кезеңмен іске асады.
Өндірісте Германия және Түркия технологиялары қолданылуда. Қазіргі уақытта құрамажем өндірісіне арналған жабдықтар толық жеткізілген.
Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 25 жаңа жұмыс орны құрылып, өндіріс ауқымы кеңейген сайын қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Жұмыспен қамтуда жергілікті тұрғындарға басымдық беріледі.
Айта кетейік, бүгінде агроөнеркәсіп саласында ірі жобаларды жүзеге асыру барысындағы «ERNUR» корпорациясы 1994 жылы шағын мекеме ретінде құрылып, тұрақты даму жолында келеді. Бұл – өңір экономикасына қосылған нақты үлес.