You are currently viewing САРЫАҒАШТА 300 ТӨСЕК-ОРЫНДЫҚ ЗАМАНАУИ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

САРЫАҒАШТА 300 ТӨСЕК-ОРЫНДЫҚ ЗАМАНАУИ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Сарыағаш қаласында 300 төсек-орынға есептелген заманауи көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында іске асырылуда. Құрылыс жұмыстарының басталу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Н. Көшеров қатысты.

Стратегиялық маңызы:

  • Аурухана Сарыағаш қаласымен қатар Келес, Мақтаарал, Жетісай, Қазығұрт және Шардара аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
  • Аталған өңірлерде 1 миллионнан астам халық тұрады.
  • Жаңа жұмыс орындары ашылып, білікті медицина кадрлары тартылады.

Жобаның негізгі параметрлері:

  • Аумағы: 10,4 гектар
  • Ғимарат: 3 қабат, жалпы ауданы 70 000 м²
  • Жалпы құны: 74,5 млрд теңге

Аурухананың құрылымы (300 төсек-орын):

  • Хирургиялық блок – 50 орын
  • Терапиялық блок – 100 орын (инсульт орталығы, кардиология)
  • Перинаталдық блок – 150 орын (ана мен балаға арналған бөлімдер)

Құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2027 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Аурухана заманауи жоғары технологиялы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Мердігер ұйым – «ASPAN HOLDINGS» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Строй-Проф» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «Engineering center ltd» ЖШС.

Мемлекеттік маңызы бар, ұзақ мерзімді әлеуметтік инфрақұрылым нысаны өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізеді.

Пікір үстеу