2020 ЖЫЛДЫҢ ЖАҢА ЭКСПОРТТАУШЫЛАРЫ

Биыл Түркістан облысының қатар кәсіпкерлері шетел нарығына шықты. Әрине, олар үшін жаңа нарықты бағындыру жолында біздің агенттік тарапынан барынша қолдау көрсетілуде.

Сонымен, жаңа экспорттаушыларымызбен таныс болыңыз:


  • 1. Ақсукент елді мекеніндегі жеке кәсіпкер «Абдукадыров». Кәсіпкер Өзбекстан Республикасына «құрама жемді» экспорттауды бастады. Қазіргі таңда «Oscarfeed» маркалы құрама жемі өзбекстандық тұтынушылар тарапынан жоғары бағалануда.


  • 2. Сайрам ауданында орналасқан «Eco Invest» ЖШС жылыжайы 2019 жылы Польшалық инвесторлардың қаржыландырумен салынған, іске қосылған жылыжай 11 га алқапты қамтиды. 2020 жылы алғашқы қызанақ өнімдерін алып 1000 тонна өнімін Ресейге экспорттаған.


  • 3. Қазығұрт ауданында орналасқан жедел кеспе өндіретін «CG Foods Central Asia» ЖШС 2020 жылдан бастап тауарларын Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға экспорттауды бастады. Ресейлік 3 компаниямен құны 780 млн. тг құрайтын экспорттық келісім шартты «KazakhExport» ЭСК» АҚ сақтандыру арқылы жүзеге асыруда.


  • 4. Сарыағаш ауданында орналасқан коньяк дистилляторын өндіретін «Asia Distillery» ЖШС 2020 жылдан бастап жүзімнен жасалған коньяк дистилляторын Ресейге экспорттаумен айналысады.

Аталған кәсіпкерлердің барлығына экспорттауды мемлекеттік қолдау шаралары аясында экспорттық операцияларды кепілдендіру, экспорттағы транспорт шығындарының бір бөлігін өтеу, шет елден шақыртылған техникалық мамандардың жалақысының 40% өтеу бойынша Turkistan Invest және QazIndustry өкілдері тарапынан құжаттарды рәсімдеу жұмыстары қолға алынған.