​Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Инвестиция тарту және экспортты дамыту “Turkistan Invest" өңірлік агентігінің Басқарма Төрағасы Бағлан Шаймерденұлы - Бахрейндік инвестор, “Астана» Халықаралық қаржы орталығы" мен “Astana HUB" орталығының мүшесі, “Parakozm Ltd." компаниясы басшысы Суфьян бин Узайырмен ынтымақтастық меморандумына қол қойды.


Аталмыш компанияның инвестициялық жобасы - Қазақстан аймағында ІТ-мектеп құру.


Айта кетейік, Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында құрылатын IT-мектеп Кентау қаласында бой көтермек. Өз кезегінде “Turkistan Invest" өңірлік агентігі бахрейндік инвестор жобасына толықтай сүйемелдеу жүргізіп, жобаның жүзеге асуына атсалысып, өңірдегі ІТ саланың дамуына ынтымақтастық танытты. ????Жоба аясында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовпен және Халықаралық қазақ-түрік университеті, Инженерия факультетінің деканы Мустафа беймен келіссөздер жүргізілді.