ВЬЕТНАМДАҒЫ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МИССИЯ

ВЬЕТНАМДАҒЫ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МИССИЯ

Экспорттаушыларды сервистік қолдау шеңберінде 2023 жылы 15-17 наурыз аралығында «QazTrade» АҚ Вьетнамның Ханой қаласында сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті вьетнамдық импорттаушылар, трейдерлер мен дистрибьютерлер арасында тікелей байланыс орнату, сауда қатынастарын жандандыру болып табылады.

Іс шара шеңберінде QazTrade төмендегі шығындарды жабады:

- Жабдықталған конференц залды жалға алу;

-СЭМ өткізілетін күні кофе-брейк және түскі асын ұйымдастыру;

- Қазақстандық қатысушылардың тұруы (кәсіпорыннан бір адамнан артық емес және СЭМ өткізудің ресми мерзімдерінде ғана);

- B2B кездесулері шеңберінде болу еліндегі Қазақстандық қатысушылардың және аудармашылардың трансфері.СЭМ-ге қатысу мәселелері бойынша жобаларды сүйемелдеу және экспортты дамыту бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.

Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/J5SHqHibkFMRX4dr5