✔️ “AGRITEK SHYMKENT’2022” АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ІХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Шымкентте “AgriTek Shymkent'2022” ауыл шаруашылығының ІХ халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде.
Көрме аясында өткен конференцияға “Turkistan invest” инвестиция тарту және экспорт дамыту өңірлік агентігінің Басқарма Төрағасы Бағлан Жұмашбеков арнайы қатысып, Түркістан облысының ауылшарушалығындағы әлеуеті жөнінде арнайы баяндама оқып, сала көшбасшыларымен пікір алмасты. Айтып өтейік, көрме қараша айының 9-11 күндері аралығында жалғасады.
Қазіргі таңда мұнда ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, суару және тыңайтқыш технологиялары, тұқымдар мен көшеттер, құс және мал шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологиялар, сондай-ақ ветеринариялық технологиялар қойылған. Жалпы еліміздің және Корея, Ресей, Түркия сынды басқа да 50-ден астам мемлекеттің экспоненттері ұсынылып отыр.