БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУ
Қазақстанға келу
Menu
Бизнес ашу
Menu
Бизнесті жүргізу
Menu
Сақтандыру компанияларының қызметі 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126 "Сақтандыру қызметі туралы" ҚР Заңымен реттеледі.
Сақтандыру компанияларының қызметі 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126 «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңымен реттеледі.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды, статистикалық қызметті, сондай-ақ өз құзыреті шегінде Қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын және өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында мемлекеттік орган болып табылады.
"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы
«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі » АҚ еншілес ұйымы – Қазақстан Республикасының экспорттық-кредиттік агенттігінің функцияларын жүзеге асыратын жалғыз мамандандырылған сақтандыру ұйымы болып табылады.
«KazakhExport» ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 442 қаулысымен жаңа даму институттарының бірі ретінде құрылды, оның миссиясы экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.
Функциялар:
ҚР тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша жәрдемдесу;
экспорт алдындағы және экспорт операциялары саласында өтеусіз консультациялық қолдау;
ҚР және тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің экспортын ілгерілету мәселелері бойынша отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.