БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУ
Қазақстанға келу
Menu
Бизнес ашу
Menu
Бизнесті жүргізу
Menu
Лицензия алу
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтің белгілі бір түрлеріне және әрекеттерге (операцияларға) қатысты рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген, яғни қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсат немесе хабарлама алу талап етіледі. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі жүзеге асырылатын қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейіне қарай енгізіледі және мынадай деңгейлерге бөлінеді:
бірінші санаттағы рұқсаттар – қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін лицензиялар;
екінші санаттағы рұқсаттар – лицензиялар болып табылмайтын, қауіптіліктің орташа деңгейіне байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін барлық рұқсаттар;
хабарламалар қауіптіліктің төмен деңгейіне байланысты, бірақ мемлекеттік органдардың осындай қызмет түрлерінің немесе әрекеттердің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат алуын талап ететін қызмет түрлеріне немесе әрекеттерге қатысты енгізіледі.
Қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері реттеушілік әсерді талдау негізінде белгіленеді.
Жеке және заңды тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау және кейіннен жүзеге асыру үшін жарамды рұқсаты болуға немесе заңнамада белгіленген тәртіппен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға хабарлама жіберуге міндетті. Жеке және заңды тұлғалардың заңнамада рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.
2021 жылғы 1 қаңтарда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға экономикалық өсуді қалпына келтіру туралы Заңның негізінде түзетулер енгізілді. Түзетулермен шетелдік заңды тұлға филиалының қаржылық қызмет көрсетуге лицензия алу мүмкіндігі бекітілді.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес лицензия — жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат.
Рұқсаттар
Рұқсаттар беру біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына жауап беретін барлық адамдар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.
Рұқсат сыныптары
Реттеу объектілеріне қарай рұқсаттар мынадай сыныптарға бөлінеді:
1) 1-сынып-қызметке берілетін рұқсаттар;
2) 2 — сынып-объектілерге берілетін рұқсаттар;
3) 3-сынып-біржолғы рұқсаттар;
4) 4-сынып-ресурстары шектеулі немесе квоталарды пайдаланатын қызметке берілетін рұқсаттар;
5) 5 — сынып-Жеке тұлғаларға кәсіптік қызметке берілетін рұқсаттар;
6) 6-сынып-өнімге берілетін рұқсаттар.
Лицензия жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсатты білдіреді.
Лицензиялауға мынадай салалардағы қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) жекелеген түрлері жатады:
1) телерадио хабарларын тарату;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;
3) білім беру;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
5) көмірсутектер;
6) өнеркәсіп;
7) ақпараттандыру және байланыс;
8) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы негізінде жүзеге асырылады;
9) денсаулық сақтау;
10) атом энергиясын пайдалану;
11) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
12) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар арқылы жүзеге асырылады;
13) қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы;
14) улы заттардың айналымы;
15) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дайындау;
16) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және оның айналымы, темекі өнімдерін өндіру;
17) тауар биржалары;
18) экспорт және импорт;
19) қаржы саласында және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметте;
20) ғарыш кеңістігін пайдалану;
21) ойын бизнесі;
22) ветеринария;
23) ауыл шаруашылығы;
24) көлік;
25) Сот-сараптама қызметі, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар;
26) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету.
27) цифрлық активтер.
Шетелдік заңды тұлғалардың рұқсат және (немесе) оған қосымша беру үшін құжаттарды ұсыну ерекшеліктері
Шетелдік заңды тұлғалар жеке бизнес-сәйкестендіру нөмірін алған жағдайда дербес немесе филиалдар және (немесе) өкілдіктер басшыларының өкілеттіктері болған кезде осы заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген филиалдары және (немесе) өкілдіктері арқылы және осындай филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің деректемелерін және бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін пайдалана отырып, лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде алынатын алымдарды немесе төлемдерді төлеуді жүзеге асырады.
Лицензиялауға жататын қызмет түрлерінің толық тізбесі және лицензиялық алымдардың мөлшері, сондай-ақ екінші санаттағы рұқсаттардың тізбесі және хабарламалар тізбесі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңда көрсетілген.
Лицензиялар мен хабарламалар нысаны
Лицензиялау және хабарламалар жіберу Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Рұқсат беру рәсімдері Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін және Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін пайдалана отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның 52-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Электрондық құжат нысанында берілген рұқсаттардың қағаз жеткізгіштегі рұқсаттарға мәні бірдей.
Рұқсат беру органдары қағаз нысанында жүзеге асырылған рұқсат беру рәсімдері туралы ақпаратты Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне рұқсат беру рәсімін жүзеге асырумен бір мезгілде енгізуге міндетті.
Қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметке берілетін рұқсаттарды қоспағанда, өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат алу үшін орналасқан жеріне қарамастан, Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасауға құқылы.
Өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат беру рәсімінен өту үшін өтініш жасаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері электрондық өтінішті немесе өзге де осыған ұқсас құжатты өзінің қызметтік мақсаттарда пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады. Мұндай куәландыру өтініш берушінің жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш беруші рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және рұқсат беру органының мөрімен және рұқсат беру органы басшысының қолымен расталады.
Рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны электрондық нысанда беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз жеткізгіште беріледі.
Өтініш Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда берілген жағдайда лицензиар және екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган өтінішті тіркеуді бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Лицензия беру
Лицензиялар лицензиардың орналасқан жері бойынша беріледі.
Егер лицензиарлар жергілікті атқарушы органдар немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары болып табылса, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беріледі:
1) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілетін, олардың қызметін жүзеге асыратын жер бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаның не шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің тіркелген жері бойынша беріледі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында филиалы немесе өкілдігі жоқ шетелдік заңды тұлғаға өз қызметін жүзеге асыру орны бойынша беріледі.
3. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1)
2)қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті, сондай — ақ азаматтық және қызметтік қару мен оған патрондардың айналымына байланысты қызметті, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті, күзет қызметін жүзеге асыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін-жарғысының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);;
3) заңды тұлға үшін — өтініш берушінің заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
4) жеке тұлға үшін-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
«Электрондық үкімет» порталында лицензиялау саласындағы 87 мемлекеттік қызмет электрондық форматта () қолжетімді.