You are currently viewing ЖЕТІСАЙДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ЖЕТІСАЙДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді дамыту, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және отандық өндірісті өркендету жөніндегі тапсырмалары аясында Түркістан облысында жаңа өндіріс орындары ашылуда.

Осы бағыттағы жұмыстардың бірі ретінде Жетісай ауданында «Бірлік-Е» ЖШС-нің мақта өңдеу зауыты іске қосылды. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.

Жалпы құны 2,8 млрд теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 50 мың тонна мақта талшығын өндіруге қауқарлы. Зауыттың іске қосылуы нәтижесінде 200 жаңа жұмыс орны ашылды. Өндірісте заманауи технологиялар қолданылады.

Жобаның екінші кезеңінде тұқымдық шит өндіретін зауыт салу жоспарланған.

 

Айта кетейік, биыл Жетісай ауданында 45 мың гектарға мақта егілді. Қазіргі таңда 120 мың тонна өнім жиналып, орташа өнімділік гектарына 27,7 центнерді құрады.

Жаңа кәсіпорын жергілікті мақтаны өңдеу көлемін арттырып, ауданның өндірістік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.