You are currently viewing ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында индустриялық-инновациялық даму бағыты жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы ретте облыс әкімі Н. Көшеровтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті.

Жиында облыс әкімі әр инвестормен жеке тілдесіп, туындаған өзекті мәселелерін тыңдады. Инфрақұрылым тарту, жер телімдерін рәсімдеу, инженерлік желілерге қосылу және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

Инвестициялық жобалардың уақтылы әрі сапалы іске асуы барлық деңгейдегі әкімдердің тікелей жауапкершілігінде екені атап өтілді. Аудан және қала әкімдеріне инвесторлармен тұрақты кері байланыс орнату, туындаған мәселелерді жедел шешу және жобаларды сүйемелдеуді күшейту міндеті жүктелді.

Берілген тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынды. Өңірде арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетін арттыру және қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Пікір үстеу