Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров шетелдік инвестормен кездесу өткізіп, өңірде аквапарк салу мәселесін талқылады.
Жобаның жалпы көлемі: 120 000 м².
Аумағында: су аттракциондары бар аквапарк, кемпинг форматындағы қонақ үй, қабылдау орталығы мен банкет залы орналасады.
Жыл бойы жұмыс істейтін аттракциондар жоспарланып отыр. Мұндағы су айдыны жазда шомылуға пайдаланылып, суық мезгілде картинг жолына айналады. Сондай-ақ, биік сырғанақтар, «Торнадо» аттракционы, аква-қамал, кемпірқосақ сырғанағы, интерактивті ойын аймақтары қарастырылмақ.
Жоба тек Түркістан үшін емес, бүкіл Қазақстан мен шетелдік туристерге бағытталған. Іске асқан жағдайда жаңа жұмыс орындары құрылып, өңірдің туристік тартымдылығы айтарлықтай өседі.
Қос тарап басқа да инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Айта кетейік, жақын арада «Turan» АЭА-да жаңа өндіріс орындарын ашу жұмыстары жанданып, өңірдің экономикалық белсенділігі артпақ.