Израильдің мемлекеттік «Mekorot» су компаниясының Түркістан облысына жұмыс сапары аясында су ресурстарын тиімді басқару, инфрақұрылымды жетілдіру және цифрландыру мәселелері талқыланды.
Түркістан облысында 351 660 абонентті цифрландыру және 2025-2028 жылдарға арналған 100% ауыз сумен қамту жоспары бар.
Айта кетейік, «Mekorot» 1937 жылдан бері Израильдің су ресурстарын басқарумен айналысып келеді. Компания президенті Д. Соффер компанияның негізгі қызмет бағыттары туралы кеңінен ақпарат беріп, Қазақстан аумағында қолға алынған жобаларға тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылуда.
Келіссөздің стратегиялық маңызы: өңірдің су шаруашылығын заманауи технологиялармен дамыту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.