Түркістан облысының әкімі Н. Көшеров шетелдік инвестормен кездесті. Кездесуде әлемге танымал спорттық киім өндіруші компанияның өңірде өндіріс орнын ашу мүмкіндігі талқыланды.
Инвестор Түркістан облысының инвестициялық әлеуетіне, әсіресе мақта шаруашылығының дамуына қызығушылық танытып, Түркістан қаласында спорттық киім тігетін зауыт ашуға ниетті екенін білдірді.
Сондай-ақ, кездесу барысында қонақтарға өңірдің индустриалды аймақтары, логистикалық артықшылықтары, жұмыс күші және инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау тетіктері таныстырылды.
Тараптар алдағы уақытта нақты ұсыныстарды пысықтап, ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.