You are currently viewing ШЕТЕЛДІК БИЗНЕС ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

ШЕТЕЛДІК БИЗНЕС ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

📍Түркістан облысындағы Түлкібас ауданы – туризмді дамытуға аса қолайлы өңір. Тау бөктері, өзен-көлдерімен ерекшеленетін бұл аймақ халық арасында «екінші Швейцария» аталып кеткен. Мұнда келген туристер де табиғатының әсемдігіне тамсанбай қайтпайды.


🔹Осы тұста Түркістан қаласында өткен «Turkistan International Investment and Tourism» форумы аясында өңір туризмін дамытуға бағытталған бірнеше маңызды бастама мақұлданды. Форумға қатысқан «Kazakhstan Silk Road International Holdings Group» ЖШС президенті Чан Минг бастаған шетелдік бизнес делегация арнайы Түлкібас ауданына барып, туристік нысандарды аралады.
🔹Сапар барысында Иірсу аумағынан жаңа туристік аймақ құру, Ақсу шатқалында көрініс алаңын салу жобалары зерделенді. Бұдан бөлек, қонақ үйлер, этноауыл кешені және туристерге арналған басқа да алаңдар салу жобалары қаралды.
🔹Сонымен қатар инвесторлар «Beibars-Bottlers» зауытының жұмысымен танысты. Делегация сапары әрі қарай «Ақсу-Жабағылы» қорығының музейінде жалғасты.

🔹Алдағы уақытта Түлкібас ауданында туризм саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған кешенді жұмыстар жан-жақты жүргізілмек.

Пікір үстеу