You are currently viewing ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚХР БІРЛЕСКЕН ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚХР БІРЛЕСКЕН ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Қытайлық «Wuhan Hongfumao Materials Co., Ltd.» компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барсында Түркістан облысы мен ҚХР арасында инвестициялар тарту, тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады.

Өз кезегінде Қытайлық кәсіпкерлер металл конструкциялардан модульдік үйлер
салу бойынша бірлесе жұмыс істеуді ұсынды.

Инвесторлар Түркістан облысы мен ҚХР арасында бірлесе өнеркәсіп, құрылыс, ауылшаруашылығы бойынша жаңа жобаларды ашуды жоспарлап жатқанын жеткізді.

Жиын соңында «Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Кенжебаев Берік Халиоллаұлы және «Wuhan Hongfumao Materials Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Ван Дзе мырзамен қытай және қазақ бірлескен жаңа жобаларды іске асыратын меморандумға қол қойылды.

Пікір үстеу