You are currently viewing НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

🔹Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Хань Чуньлиньмен ресми кездесу өткізді. Тараптар екіжақты экономикалық, инвестициялық және өңіраралық серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады.

🔹Кездесу барысында облыс әкімі елшінің өңірге сапары Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге маңызды үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ ол мемлекет басшылары 2025 жылғы қыркүйектегі кездесуінде жариялаған «Жаңа алтын 30 жылдық» бастамасы өңірлер арасындағы жаңа жобаларға кең мүмкіндіктер ашып отырғанын жеткізді.

📌– Түркістан облысы мен Қытайдың бірқатар провинциялары арасындағы ынтымақтастық соңғы жылдары қарқын алып келеді. Облыстық делегацияның Қытайға ұйымдастырылған іссапарлары нәтижесінде Шаньси, Хэнань, Хубей және Хэйлунцзян провинцияларының әкімшіліктерімен бауырластық туралы меморандумдар бекітілді. Бұл құжаттар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық бағыттағы байланыстарды нығайтуға жаңа серпін берді. Бүгінде Түркістан облысында қытайлық инвесторлардың қатысуымен бірнеше ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта да жаңа жобаларды жүзеге асырып, әріптестік орнатуға дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.

🔹Бүгінде өңірде қытай инвесторларымен бірге текстиль кластерін құру, желатин және май компоненттерін өндіру зауыты, көкөніс кептіру және қайта өңдеу кәсіпорны, 300 МВт күн электр станциясы, бейнебақылау камераларын шығару, еден жабындары өндірісі және мата мен джинс маталарын өндіру жобалары қолға алынған. Бұл бастамалар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, экспортты ұлғайтуға және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға мүмкіндік береді.

🔹Қытай елшісі Түркістан облысының даму қарқынына оң бағасын беріп, әріптестікті нығайтуға күш салатынын жеткізді. Әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, логистика, «Жасыл экономика» және өзге де салаларда инвестиция салуға мүмкіндік мол екенін айтты.

Leave a Reply