You are currently viewing «TURKISTAN INVEST» ЖШС  МЕН «ШЫҰ ІСКЕРЛІК КЕҢЕСІНІҢ БЕЙЖІҢ ЖҰМЫС ТОБЫ» ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

«TURKISTAN INVEST» ЖШС МЕН «ШЫҰ ІСКЕРЛІК КЕҢЕСІНІҢ БЕЙЖІҢ ЖҰМЫС ТОБЫ» ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Аспан асты елінің алпауыт «Zhongda Lianjian Beijing Construction Engineering Co., Ltd» компаниясының өкілдері Түркістан облысына арнайы келді.
«TURKISTAN INVEST» ЖШС ұйымдастыруымен Қытайлық кәсіпкерлермен арнайы кездесу өтті.
Кездесу барсында Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысының орынбасары Қанат Шонбасов шетелдік инвесторларды Түркістан облысының әлеуетімен таныстырып, инвестициялық мүмкіндіктерін, дайын өндіріс алаңдары, АЭА-да орналасқан бірқатар жобаларға тоқталды.
Компания басшылығы өзінің озық тәжірибесіне сүйене отырып, жаңартылған энергия көздері, ауылшаруашылығы, ақпараттық технологиялар, тау-кен өндірісі
салалардағы Түркістан өңірінде іске асырып жатқан жобаларға қатысу ниеті туралы мәлімдеді.
Келіссөз соңында «Turkistan Invest» басқарма төрағасының орынбасары Руслан Леспеков пен «ШЫҰ Іскерлік кеңесінің Бейжің жұмыс тобы», «Zhongda Lianjian Beijing Construction Engineering Co., Ltd» директоры Хай Тонг меморандумға қол қойды.
Меморандум шеңберінде тараптар жаңартылған энергия көздері, ауылшаруашылығы, ақпараттық технологиялар, тау-кен өндірісі бойынша ынтымақтастықты және ақпарат пен тәжірибе алмасуды жандандыруға уағдаласты.

Leave a Reply