Work on the development of the machine-building industry has begun in the Turkestan region. It is planned to open a production facility in the region for the production of domestic small-sized specialized machinery and utility attachments. The plant will be located on the territory of the small industrial park "SPK Turkistan". Akim of the region Nuralkhan Kusherov got acquainted with the investment projects and visited the enterprise of BNK GROUP LTD LLP in Sauransky district.
Жұмыс жоспарына сәйкес, бұл зауытта жылына 1 мың арнайы техника шығару көзделген. Жоба биыл жүзеге асады деп жоспарланған. Айта кетейік, осы зауытта елімізде алғаш болып жаңбырлатып суару машиналары шығарыла бастады. Бүгінде Түркістанда жасалған өнімге сұраныс артқан. Кәсіпорын америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, «BNK Irrigation» сауда белгісімен айналмалы және фронтальды жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосқан. Президент тапсырмасына сәйкес, бұл 2030 жылға дейін облыста 216,3 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясын енгізуге мүмкіндік береді.
Бұдан кейін облыс әкімі тоңазытқыш және мұздатқыш жабдықтарын өндіретін «Jasyl suyq Qazaqstan» кәсіпорнының өндіріс алаңына барды. Өнімдерін Орталық Азия елдеріне импорттап келе жатқан болгариялық «UBC Group» холдингі Түркістан облысында екі ірі өндіріс желісін ашу жөнінде шешім қабылдаған. Инвестор жобаның бірінші кезеңіне 5 млн еуро көлемінде қаржы құяды. «SPK Turkistan» аумағындағы өндіріс алаңында 350-ге жуық жұмыс орны ашылады. Ал «Тұран» арнайы экономикалық аймағында іске қосылатын екінші зауытқа 7,5 млрд теңге инвестиция салынады. Нәтижесінде айына 10 мыңға дейін тоңазытқыш жабдығын шығарып, мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ облыс басшысына көрме орталығының жобасы таныстырылды. Бұл жерде сауда, қызмет көрсету, компанияларды таныстыру, көрме ұйымдастыру және басқа да шаралар үшін пайдаланылатын арнайы ғимараттар салынады. Ол үшін барлық жағдай жасалады. Жоба еуропалық стандарттарға сай жүзеге асады.
Өндірістік парктің құрылысы 100 гектар жерге салынады. Құрылыс екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Жалпы 151 ғимарат салу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы және жеке инвестор есебінен жүргізілуде. Құрылыс екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Индустриялық алаңның бірінші кезеңінде 30 гектар жер телімі бөлініп, тиісті инфрақұрылыммен және коммуникация желілерімен қамтамасыз етілді. Бүгінде парк аумағында 10 ғимараттың құрылысы аяқталды. Былтыр инвестиция көлемі 36,5 миллиард теңге болатын 8 өндіріс іске қосылып, 712 жаңа жұмыс орны ашылды. Маңызды жоба облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың жіті бақылауында болады.
Өңір басшысы құрылыс барысын бақылап, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Биылғы бірінші тоқсанда 16 ғимаратты іске қосу жоспарланып отыр. Бір ғимараттың ауданы 1584 шаршы метрді құрайды, қажеттілікке қарай ғимараттың ауданы үлкейтіледі. Екінші кезеңде 2025-2026 жылдары 70 га аумақта 112 ғимарат соғу жоспарланған. Мұнда да өндіріс орындары ашылады.