You are currently viewing ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДРОН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДРОН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Қытайлық «Hunan Youhang UAV Technology» компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барсында Түркістан облысында дрон шығаратын кәсіпорын ашу жайын талқылады. Нұралхан Көшеров қытайлық кәсіпкерлерге Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, мемлекеттік қолдау шарттарын айтты.

Инвесторлар дрон шығаратын кәсіпорын 3 кезеңнен тұратынын, алғашқы кезеңінде 150 миллион доллар, екінші кезеңінде 400 миллион доллар инвестиция салатынын айтты. Бірінші кезеңнің өзінде жергілікті 100-ден аса адам және екінші кезеңде 2 000-нан аса адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Ал үшінші кезең алғашқы екі кезең аяқталған соң, іске аспақ.

Кездесу соңында «Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев пен Қытайлық «Hunan Youhang UAV Technology» компаниясының өкілімімен меморандумға қол қойды.

Аспан асты елінен келген кәсіпкерлер кәсіпорынның алғашқы кезеңін жыл соңынан дейін аяқтайтынын айтты. Оларға Сауран ауданындағы дайын өндірістік парктен 6 га аумақты құрайтын ғимарат жалға беріледі.

Аспанда ұшатын құрылғы шығаратын Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын Түркістан облысында ашылады. Алдағы уақытта сапалы әрі қолжетімді құрылғылар «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығарылады деп күтілуде.

Leave a Reply