You are currently viewing ВЕНГРИЯ ИНВЕСТОРЫМЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАУЫТ САЛУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

ВЕНГРИЯ ИНВЕСТОРЫМЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАУЫТ САЛУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістанға Венгрия мемлекетінен делегация келді. Оларды Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, келіссөз жүргізді. Әріптестік орнатуға, жобаларға қолдау көрсетуге дайын әрі жаңа жұмыс орындарын көбейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Венгрияның Алматыдағы бас консулы Саболч Карой Сёке екі мемлекет арасындағы достық және экономикалық байланыс өте жоғары деңгейде екенін айта келе Венгрия инвесторларын Қазақстанға шақыруға, көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Ал «UBM GROUP» компаниясының бас директоры Хорват Петер жылы қарсы алған өңір басшысына алғысын білдірді.

– Біз Түркістан облысы аумағынан заманауи үлгідегі құрама жем зауытын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл – ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұдан өзге де жобалар бойынша әріптестік орнатып, талқылауға дайынбыз, – деді Венгрия инвесторы.

It should be noted that the "UBM Group" chain of companies, established in 1996, is the leading producer of fodder in Hungary. Produces 450 thousand tons of products per year. One of the largest traders of crop products in Hungary, with 4 compound feed plants. Trade turnover of grain and oil crops is 1.5 million tons per year. Exports its products to 15 countries.

Алдағы уақытта Венгрия инвесторы Түркістан облысы аумағынан құрама жем зауытының құрылысын бастамақ. Осы бағытта жұмыстар жүргізіледі.

Leave a Reply