Түркістан облысының Мақтаарал ауданында «Хамро ата» ЖШС-нің «TABIGI MAY» мақта майын өңдеу зауыты ашылды. Кәсіпорынның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.


Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мен отандық өндірісті дамыту өңір экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті. Жаңа кәсіпорын мақта шикізатын жергілікті жерде өңдеп, қосылған құны жоғары өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Зауыттың іске қосылуы нәтижесінде 36 тұрақты жұмыс орны ашылды.


Кәсіпорынның жұмысы Мақтаарал ауданында мақта өнімдерін өңдеу көлемін арттыруға, жергілікті өндірісті дамытуға және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал етеді.
