You are currently viewing «ТЕМІРЛАН» ӨНДІРІСТІК ПАРКІ: 5 ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨНДІРІС ҚАРҚЫН АЛУДА

«ТЕМІРЛАН» ӨНДІРІСТІК ПАРКІ: 5 ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨНДІРІС ҚАРҚЫН АЛУДА

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Темірлан» өндірістік паркінің жұмысымен танысып, ондағы кәсіпорындардың әлеуетін бақылады.

Жалпы аумағы 10,5 гектарды құрайтын парктің бірінші кезеңі аясында 5 өндірістік ғимарат пайдалануға берілген. Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба сәтті жүзеге асырылып, 53 жаңа жұмыс орны ашылды.

Парктегі іске қосылған негізгі жобалар мен көрсеткіштер:

✅ «ALMEN GROUP» және ЖК «Б. Байдулла» (Кір жуғыш ұнтақ пен сұйық жуғыш заттар өндірісі):

  • Инвестиция: Әрқайсысы 350 млн теңге.
  • Қуаттылығы: Жылына 5 мың тонна өнім.

✅ «ҚАРАБАТЫР АГРО» ЖШС (Металл бұйымдарының өндірісі):

  • Инвестиция: 230 млн теңге.
  • Қуаттылығы: Жылына 4 мың тонна өнім.

✅ «BAYSAL-A» ЖШС (Түйіршіктелген жем мен гидропоникалық өнімдер):

  • Инвестиция: 200 млн теңге.
  • Қуаттылығы: Жылына 6 мың тонна өнім.

✅ «Facade Company» ЖШС (Шыны өндірісі):

  • Инвестиция: 120 млн теңге.
  • Қуаттылығы: Жылына 100 мың шаршы метр өнім (10 тұрақты жұмыс орны).

Өңірде өндіріс пен қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған мұндай индустриялық бастамалар өңір экономикасының әлеуетін арттырып, кәсіпкерлік белсенділікті күшейтуге айтарлықтай үлес қосуда.